Вторник, 14.05.2024, 05:59
Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи » Мои статьи

СЕМЕЙ КӨЛІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Бүгінгі күні республикамызда көлік-логистикалық қызмет саласын дамыту – мемле­кетіміздің басым бағыттарының бірі болып отыр. Елба­сы­ Нұрсұлтан Әбішұлы На­зар­баев 2007 жылғы Қазақстан халқына Жол­дауында ел экономикасының дамуында көлік-коммуникациялық инфра­құ­рылымы жаңа сапалық серпіліс туғызатынын атап көрсеткені белгілі. Жалпы, елімізде көлік-комму­никация кешенінің дамыту Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік көпір болып табылатын Қазақстанның геостра­тегиялық тұрғыдағы орналасуының артық­шылығын пайдалануға толық мүмкіндік береді. Осыған орай мемлекеттік көлік саясатының басым бағытын анықтайтын 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған республиканың Көлік стратегиясы жасалды. Бұл стратегия бойынша қолда бар көлік жолдары мен инфрақұрылым нысандарын жаңарту және жаңадан салу, соның ішінде республиканың өнеркәсіп орталықтарында көлік-логистикалық орта­лықтарын құру мәселелері қарастырылған болатын. Әсіресе, еліміздің шығысында көлік-логистикалық орталығын құру мәселесінде тоғыз жолдың торабында орналасқан Семей қаласының мүмкіндігі мен келешегі өте зор болғанын атап айтуымыз керек. Өзінің сан ғасырлық тарихында қаламыз шекаралас елдер арасындағы сауда-саттықта маңызды рөл атқарды. Кезінде Семей арқылы Қытай мен Еуропаны жалғастырып жатқан Еуразияның маңызды сауда жолдарының бірі, яғни Ұлы Жібек жолының солтүстік-шығыс тармағы өткені мәлім. Семейдің сауда қаласы деген мәртебесі осы күнге дейін сақталған. Қаламызға сауда жасау үшін адамдар еліміздің басқа өңірлерінен ғана емес, көршілес Ресей мен Қытайдан да жиі келеді. Семей арқылы экспортқа құрылыс және басқа да материалдар жіберіледі. Бұл, ең алдымен, оның Ресей мен Қытай мемлекеттері арасындағы географиялық орналасу қолайлығына, қала үстінен негізгі автомобиль және темір жол магистралдарының өтуіне және Сібірге, одан әрі Солтүстік мұзды мұхитына дейін жететін, кеме жүзетін қуатты Ертіс өзенінің болуына байланысты болып келеді. Сол себепті мемлекет тарапынан осы өзендегі кеме шаруашылығын дамытуға қазіргі кезде үлкен көңіл бөлінуде. Мысалы, 2005 жылы Ертіс өзенімен бөгетсіз тура өтуге мүмкіндік беретін Шүлбі шлюзі пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде жүк тасымалдау көлемі Ертіс аумағында 2005 жылы 136 пайызға артып, 500 мың тоннаға жетті. Сондай-ақ шлюздің салынуы Семей мен Өскемен қалалары арасындағы су көлігі арқылы жүйелі жолаушылар қатынасын жаңғыртуға да мүмкіндік берді. Республика жоспарында Ертіс өзені арқылы Қытай-Қазақстан-Ресей транзиттік кеме жолы желісін ұйымдастыру да бар. Осыған байланысты Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы үкіметтері арасында тиісті келісімге қол қойылды. Қытаймен де келіссөздер жүргізілуде. Осыған орай елімізде отандық кеме жасауды қайта жаңғыртуға, мемлекеттік техникалық флотты жаңартуға бағытталған бірнеше инвестициялық жобалар жүзеге асырыла бастады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2007 жылғы Семейге кезекті сапары кезінде осы көлік-логистикалық орталығы құрылысының жобасымен танысып, қызу қолдау көрсеткен еді. Бұл инвестициялық жобаның бастапқы құны 50 млн АҚШ долларын құрады. Жоба бойынша халықаралық қоймалар классификациясына сәйкес, жалпы ауданы 40 мың шаршы метр болатын А және В класындағы заманауи қойма терминалдары кешенін, сауда-көрме па­вильондарын, қонақ үйлер және тағы басқадай әлеуметтік инфрақұ­рылымдар салу көзделген болатын. Қазіргі уақытта қаламыздың «Холодный ключ» поселкесі аумағында орналасқан «Сары» сауда рыногы соған нақты дәлел болады. Онда жаңағы айтылған көлік және тұрмыстық инфрақұрылымдардың барлығы да қызмет көрсетуде. Семей көлік-логистикалық орталығының мақсаты республиканың транзиттік әлеуетін барынша пайдалану, көлік инфрақұрылымы­ның, сауда аймақтарының және Қазақстан­ның шығыс аймағындағы бизнестің дамуына қажетті жағдай жасау болып табылады. Сондықтан да терминалдың көп бөлігін кеден қоймалары алады. Соның арқасында кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасалды, себебі жүкті сақтауға бергені үшін олардан баж салығы алынбайды. Кәсіпкерлер Қазақстанда болсын, шетелде болсын, кез келген жағдайда тиісті кедендік рәсімдеуден кейін жүктерін (сатып алушы­ның табылуына орай) бөлшектеп сата береді. Шығыс Қазақстан көлік кешенінің бүгінгі жағдайына байланысты Семей көлік-логистикалық орталықтың құрылуы көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі. Бұл, ең алдымен, ха­лық тұтынатын техника, құрылыс материалдары, жанар-жағар май және жабдықтар саудасын дамыту арқылы көрші елдермен қарым-қатынастың дамуына өз септігін тигізеді. Аталмыш инвестициялық жобаны толықтай жүзеге асыру қала үстінен өтетін экспортты-импортты және транзиттік бағыттағы жүк тасымалдаудың артуына ықпал етеді. Өз кезегінде бұл шығыс аймақтың инвести­циялық тартымдылығын арттырып, бизнестің дамуына көмектеседі. Инвестициялық жоба­ның әлеуметтік маңызы да зор, жоспарда көптеген жұмыс орындарын ашу және жеке кәсіпкерлікті дамыту көзделген. Мұндай халықаралық деңгейдегі орталықтың құрылуы Семейдің Еуразиядағы халықара­лық орталықтардың бірі мәртебесіне ие болуына ықпал етеді. Семей көлік-логистикалық орталығын құруға бағытталған мемлекеттік инвестициялық жобаның қазіргі инвесторларының қатарында «Жібек жолы» корпорациясы, "СемейЖолыСервис” компаниясы мен ресейлік "Synergy Cargo” компаниясы тәрізді т.б. оннан астам коммерциялық құрылымдары барын айтуға болады. Жалпы бұл инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы Қазақстанның транзиттік әлеуетін ұлғайтып қана қоймай, аймақтың экономикасын дамытуға үлкен ықпал жасайды. Мысалы, шоп-туризмді жандандырып, сол мақсатта Ресей және ТМД-ның басқа ел­дерінен аймаққа инвестиция тартуға, Ертіс ар­қылы жүк тасымалдауды жақсартып, жаңа жұмыс орын­дарын ашуға және тұтастай алғанда шығыс аймағы экономи­касын өркендетуге мол мүмкіндік туады. Осы «Семей көлік-логистикалық Орталығы» туралы мақаламызға орай 2011 жылы шілде айында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Қажымханұлы Масимовпен тікелей эфирде өткен республикалық конференция кезінде сұрақ қойылып, жауап алынған еді. Енді соны осы мақалаға қоса ұсынамыз. Салима Шаянбаева возраст: 52, г. Семей, 14.07.2011 21:17 Уважаемый Карим Кажимханович! 2009 году впервые в Казахстане был открыт Семейский транспортно-логистический центр. Мне бы хотелось узнать на сегодняшний день работет ли нет - этот крупнейший инвестпроект? Кстати, 2007 году во время поездки ВКО, сам глава государства Н.А. Назарбаев лично присутствовал и одобрил этот инвестпроект. Ответ: "Уважаемая Салима Шаянбаева! Главой государства Н.А. Назарбаевым на расширенном заседании Правительства Республики Казахстан 17 апреля 2011 года было дано поручение местным исполнительным органам внести предложения по развитию транзитно-транспортного потенциала. В соответствии с этим поручением, Восточно-Казахстанская область предлагает к рассмотрению создание транспортно-логистической системы с центром в г.Семей. Этот проект включает в себя: 1. Строительство новой железнодорожной линии «Зыряновск – Майкапчагай». В настоящее время, в Российской Федерации реализуется инвестиционный проект по строительству железнодорожной магистрали «Белкомур», которая напрямую соединит Белое море – Коми – Урал, с выходом на порт Мурманск, Архангельск. Выстраивается транспортная магистраль, которая позволит соединить Западный Китай, Казахстан, Россию и Европу, при условии строительства участка Зыряновск - Майкапчагай. 2. Строительство транспортно-логистического центра в городе Семей. Этот центр должен обеспечить охват по услугам всех видов транспорта, торговлю, включая международную, с мощностью перевалки грузов 1- 1,5 млн. тонн в год. Стоимость реализации проекта 6 млрд. тенге. Ожидаемый эффект: формирование современной инфраструктуры, создание условий для увеличения грузопотоков, в том числе экспортно-импортного и транзитного, развитие сотрудничества с соседними государствами, решение социальных задач путем создания новых рабочих мест. 3. Строительство транспортно-логистического центра «Бахты». Данный проект необходим для реализации проекта «NELTI» в рамках кластера «Транспортно-логистические услуги» проекта по перевозке грузов по маршруту Пекин – Урумчи – Бахты – Астана – Москва – Рига – Вильнюс – Варшава – Берлин – Брюссель.
Данный международный коридор направлен на увеличение объема транзитного грузопотока по внутренним международным автотранспортным коридорам Республики Казахстан до 5,2 млн. тонн в год. Создание транспортно-логистического центра «Бахты» позволит обслуживать 200 единиц автотранспорта в сутки и иметь годовой оборот по перевалке контейнеров около 10 000 единиц; 4. Создание агропромышленного, транспортного логистического центра для приграничного сотрудничества в г.Шемонаиха. В рамках проекта планируется строительство овощехранилища, общей площадью 2376 м2, крытых торговых площадей, общей площадью 2744 м2, складских помещений, общей площадью 1296 м2, отапливаемых боксов и стоянок для большегрузных автомобилей, общей площадью 1080 м2, гостиничного комплекса, общей площадью 836 м2. Проект позволит развить приграничное сотрудничество в рамках Таможенного союза, создать новые постоянные рабочие места, снизить уровень индекса потребительских цен на плодоовощную продукцию, исключить фактор сезонного повышения цен. С уважением, акимат Восточно-Казахстанской области.
Категория: Мои статьи | Добавил: историк (21.11.2011)
Просмотров: 1302 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: