Воскресенье, 12.05.2024, 14:35
Приветствую Вас, Гость
Главная » Файлы » Мои файлы

Қазақстан 1917 жылы Қазан төңкерісі кезінде
21.11.2011, 16:18
Ұлттық-демократиялық қозғалыстың өрлеуі Бірінші орыс революциясы жеңіліс тапқаннан кейін Қазақстанда да реакция кезеңі басталды. Ол Қазақстанға қоныс аударған шаруалар тасқынының санының арта түсуінен, қаражүздіктер ұйымдарының озбырлық іс-әрекеттерінен айқын көрінді. Қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығы күйзеліске ұшырады. Міне, осы жағдайда қазақ зиялылары ұлттың сана-сезімін жаңғыртуға бағытталган қызметін күшейте түсті.
Реакцияның күшеюі 1907 жылы қазақтар сайлау құқығынан айырылды. Қазақстанда шерулер, митингілер және жиналыстар өткізуге тыйым салынды. Өлкедегі социал-демократиялық және кәсіподақ ұйымдары талқандалды. Саяси сенімсіз жандарға полициялық аңду қойылды. Кәсіпорындарда жұмысшылар мен бой көрсетулердің белсенділері қара «сенімсіз» тізімге енгізілді, алдын ала ескерту жасалмай жұмыстан қуылып жатты. Кәсіпорындардағы жұмыс нормалары, жұмыс күнінің ұзақтағы ұлғайтылды. Азық-түлік бағасы қымбаттады, айыппұл салу кең өріс алды. Қазақтар мен орыс шаруаларының бірлесе қимыл көрсетуінің жолын кесуге әскер күші қолданылды.
Категория: Мои файлы | Добавил: историк
Просмотров: 3765 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.2/5
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: